Зектілері

Қазақстан мегаполистерінің бірінде секундына 25 метрге дейін жел күтіледі

Жарияланған күні:

Гүлдеген ағаштың гүлін жел ұшыруда
Гүлдеп тұрған ағаш. Көрнекі фото: Рexels.com

Синоптиктер жексенбі, 2 сәуір күні Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды синоптиктер. Қалалардың бірінде қатты дауыл соғады, деп хабарлайды Қазгидрометтің ресми сайты.

Астанада көшпелі бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы +9...+11 градусқа дейін жылынады. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр.

Синоптиктер Алматыда да 2 сәуір күні көшпелі бұлт шығады деп болжайды. Күндіз ауа температурасы +10...+12 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр.

Жексенбі күні Шымкентте найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +19...+21 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Дегенмен, қатты дауыл күтілуде: яғни секундына 15-20 метр, үдей соққанда екпіні секундына 25 метрге дейін жетпек.

Еске салсақ, бұған дейін жексенбі күні еліміздің кей өңірінде үсік, жаңбыр, тұман және шаңды дауыл болуы мүмкін екендігі хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015039-qazaqstan-megapolisterinin-birinde-sekundyna-25-metrge-deiin-zel-kutiledi/