"12 градусқа дейін аяз": алдағы күндері Қазақстанда күрт суытады деп күтілуде
Опубликовано:

Синоптиктер 6-8 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың болжамынша, алдағы күндері елімізде күн суытады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауады.
6-8 сәуір күндері еліміздің оңтүстігінде, 7-8 сәуір күндері кей уақыттарда оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
Скандинавия аудандарынан келетін солтүстік-батыс антициклонның әсерінен Қазақстанның солтүстік-батысы және солтүстігінде 7 сәуір күні ауа температурасы күрт төмендеп, жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін.
Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде тұман, шаңды дауыл, найзағай, солтүстік және солтүстік-батыста көктайғақ күтілуде.
Бұдан бөлек синоптиктер солтүстік және солтүстік-батыста түнде -2-ден -12 градусқа дейін аяз күтілетінін, күндіз аталмыш өңірлерде ауа температурасы -5 градустан +7 градусқа дейін көтерілетінін болжап отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015526-12-gradusqa-deiin-ayaz-aldagy-kunderi-qazaqstanda-kurt-suytady-dep-kutilude/