"Дикий" Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Жарияланған күні:
"Дикий" Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды. Ол 7 маусымға дейін қамауда болады. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 сәуірдегі хабарламасы бойынша сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтініші қанағаттандырылды және Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін екі айға, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді", – делінген сот хабарламасында.
Еске салсақ, "Дикий" Арманның ұсталғаны жайлы былтыр 7 қаңтарда белгілі болған еді. Ал 11 қаңтарда ол қамауға алынды. Сол уақыттан бері оны қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. ІІМ мәліметінше, онымен бірге қылмыстық топтың мүшесі болуы мүмкін бес адам ұсталған.
Арман Жұмагелдиев Қылмыстық кодекстің 272-бабы ("Жаппай тәртіпсіздік"), сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 287-бабы ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша күдікке ілініп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015721-dikii-armandy-qamauda-ustau-merzimi-tagy-uzartyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.