Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Электр сымына соғылған": маңғыстаулық оқушы ауыл маңынан қоқиқаздардың өлексесін тауып алды

Жарияланған күні:

Көл бетіндегі қоқиқаздар
Көл бетіндегі қоқиқаздар. Көрнекі сурет: Рixabay.com

20 сәуір күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданына қарасты Сам ауылы маңынан жергілікті оқушылардың бірі төрт қоқиқаздың өлексесін тапты, деп хабарлайды inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнына арнайы мамандар жетіп, қоқиқаздардың өліміне қатысты мәлімдеме жасады.

"19 сәуір күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сам ауылында қоқиқаздардың өліміне қатысты ақпарат тарады. Оқиға орнына аудандық ветеренария станция қызметкері, Сам ауылының әкімі, Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау ММ директорының орынбасары барды, аталған аумақтан 4 қоқиқаз өлексесі табылды.

Айта кету керек, Бейнеу ауданының аумағы құстардың маусымдық миграция жолына кіреді. Соңғы уақытта аудан аумағында ауа-райының қолайсыз жағдайлары тіркелеген – жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл орын алған, алдын ала болжам бойынша құстар жоғары кернеулі электр сымдарына соғылып, олардың өліміне әкелген болуы мүмкін.

Құстардың өлекселері ветеринария мамандары тарапынан Бейнеу аудандық ветеринарлық лабораторияға тексеруге алынды", - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017877-elektr-symyna-sogylgan-mangystaulyq-oqusy-auyl-manynan-qoqiqazdardyn-oleksesin-tauyp-aldy/