jitsu gif
Оқыс оқиға

    Жетісу облысында кәсіпкерден 15 мың қытай юанін бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

    Күдіктілерді ұстау сәті
    Күдіктілерді ұстау сәті. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

    Жетісу облысында кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрілігінің ресми Telegram арнасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    ҰҚҚКБ жедел қызметкерлері арнайы жасақ жауынгерлерінің көмегімен кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен күдіктілерді Жаркент қаласында ұстады. Күдіктілер жергілікті кәсіпкерді қорқытып, 15 мың қытай юанін талап еткен.

    "Топ үш адамнан тұрады. Біреуі - Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі - Алматы облысынан, үшіншісі - Жетісу облысының тұрғыны. Жәбірленуші оларға ақша беру кезінде ұсталды. Олардың біреуінен 9 мм калибрлі 13 патроны бар тапанша (сигналдық) табылып, тәркіленді", – деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаменті ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.

    Аталған факт бойынша тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 194-бабына сәйкес ("Қорқытып алу") жүргізіледі. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Жетісу облысында кәсіпкерден 15 мың қытай юанін бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.