Қазақстанда автогаз бағасын көтеру туралы бұйрық күшіне енді: 5 өңірде баға қалай өзгерді
Жарияланған күні:

Елімізде кей аймақтарында автокөлік газының шекті бағасын көтеру туралы бұйрық күшіне енді. Үкіметтің автогазға бекіткен бағасы қандай екенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Бұған дейін елімізде сұйытылған мұнай газының шекті бағасын көтеру жоспарланғанын хабарлаған едік. Бұл өсім елдің бірнеше өңіріне әсер ететіні де айтылған болатын.
Енді "Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы" бұйрыққа енгізілген өзгерістер күшіне еніп отыр. Бұйрық 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болады.
Бұйрық бар құжат "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электронды түрдегі этолондық бақылау банкі" порталында жарияланған.
Күшіне енген түзетулерге сәйкес, 1 литр автогаздың құны мына аймақтарда өседі:
- Алматы қаласында – 65 теңгеден 75 теңгеге дейін;
- Алматы облысында – 70-75 теңгеден 75-80 теңгеге дейін;
- Абай облысында – 60-65 теңгеден 65-70 теңгеге дейін;
- Шығыс Қазақстан облысында – 60-65 теңгеден 70-75 теңгеге дейін;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 70-75 теңгеден 75-80 теңгеге дейін;
Қалған өңірлерде автокөлік газының бағасы өзгеріссіз қалады.
Бұйрықа түзетулер енгізген авторлардың түсірдірмесіне сәйкес, автогаздың шекті бөлшек сауда бағасының өсуіне көлік қызметтеріне шығындардың өсуі, автокөліктерге жанармай құю станциялары мен газ сақтау пункттерін ұстауға және оларға қызмет көрсетуге, сондай-ақ еңбекақы қорының тарифтерінің өсуі, үшінші тарап қызметтері мен жүктерді магистральдық темір жолдармен тасымалдауға арналған тарифтердің өсуі әсер еткен.
Авторлардың пайымдауынша, қызметтер құны қымбаттап жатқанда бұрынғы бағаны сақтап қалу елде сұйытылған мұнай газының тапшылығын тудыруы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018113-qazaqstanda-avtogaz-bagasyn-koteru-turaly-buiryq-kusine-endi/