jitsu gif

Мусин Қазақстанда балалар SIM-картасын енгізу идеясына қатысты пікір білдірді

Ұялы телефон және sim-карта
Sіm-карта. Көрнекі фото: Рexels.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрлігінің Қазақстанда балаларға арналған SIM-карта енгізу жоспарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Мусин интернетте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің түрлі нұсқалары бар екенін айтты.

"Біз барлығымыз, негізінен, балаларға арналған "ақ" интернет деп аталатын мәселені зерттеп жатырмыз, онда балаға қажет емес сайттар бұғатталып, олардың дамуына көмектесетін тізім ғана қалады. Біз мұны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз және мұндай тарифтік жоспар ұялы байланыс операторларында сатылатын болады", – деді ол.

Жалпы, оның айтуынша, қазір әр түрлі мобильді тарифтік жоспарлар бар. Дегенмен ол басқа да тарифтік жоспарлар енгізілсе, артық болмайды деп есептейді.

Еске салсақ, Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан балалардың интернеттегі қауіпсіздігі үшін Қазақстанда балалар SIM-картасын енгізу жайлы айтқан болатын. SIM-карта ата-аналардың бақылауында болады. Егер бала сол SIM-карта арқылы интернетке қосылса, міндетті түрде ата-аналардың рұқсаты сұралатынын түсіндірген еді.

"Бұл баланың интернетте қандай сайтқа кіргенін, қандай әлеуметтік желіде отырғанын бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ карта арқылы баланың интернетке кіретін уақытын шектеуге де болады", – дейді вице-министр Еділ Оспан.

Мусин Қазақстанда балалар SIM-картасын енгізу идеясына қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.