jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Мамырда Қазақстанда құрғақшылық болуы мүмкін бе: синоптиктер болжам ұсынды

Жаңбырлы маусым
Жаңбыр. Көрнекі фото: Рexels.com

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы мамыр айына арналған құрғақшылық бойынша алдын ала болжам ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамы бойынша мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын нормадан төмен болса, Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен оңтүстік-шығысында нормаға жуық болады делінген.

Сонымен қатар мамандар топырақтың көктемгі сулануын және нақты ылғал қорын ескере отырып, мамыр айында құрғақшылық күтілмейтінін айтқан.

Меторологтардың дерегінше, Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болады, ал жеке аудандарда ылғалдану айтарлықтай жақсы болады.

Ылғал деңгейі көбінесе Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында, атап айтқанда Тарбағатай, Күршім, Зыряновск, Катонқарағай, Шемонаиха, Бородулиха, Жарма, Аягөз, Көкпекті аудандарында және Семей қаласында жоғары болады.

Сондай-ақ Қостанай облысының Қарасу ауданында, Ақмола облысының Атбасар, Егіндікөл және Астрахань аудандарында, Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында және Алматы және Ақтөбе қалаларында ылғал жақсы болады деп болжануда.

Мамырда Қазақстанда құрғақшылық болуы мүмкін бе: синоптиктер болжам ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.