Ақтөбе облысында бір топ бала жасөспірімді қатты соққыға жыққан
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысының Алға қаласында бір топ бала жасөспірімді қатты соққыға жықты. Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды "ҚР ІІМ жаңалықтарының" Telegram-арнасы.
Полицияның хабарлауынша, 28 сәуір күні құқық қорғаушылар әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген. Тексеру кезінде бір топ жастар өз құрдастарын ұрып-соғып жатқан видео анықталған.
"Полиция қызметкерлері видеоны тексеру барысында Алға қаласында Niva автокөлігімен жүріп келе жатқан бірнеше кәмелетке толмағандар өз құрдастарын көшеде кездестіріп, оны себепсіз ұрып-соққаны анықталды", – делінген хабарламада.
Оқиғаға қатысушылар анықталып, олар полиция бөліміне жеткізілген, онда олармен және ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілгені айтылған.
"Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың бірінің ата-анасына тиесілі көлік арнайы тұраққа қойылды", – дейді полиция өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018807-aqtobe-oblysynda-bir-top-bala-zasospirimdi-qatty-soqqyga-zyqqan/