jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Бір үйден 32 бала мектепке барады": 48 баласы бар қостанайлық отбасы жайлы не білеміз

Рустам Шукруов балаларымен
Рустам Шукруов балаларымен. Фото: Хабар24

Қостанай облысының Лисаков қаласында 48 баласы бар отбасы тұрады. Оның үшеуі – туған, 45-і – асырап алған балалары, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы ресми сайтында.

Телеарнаның мәліметінше, өздері де көпбалалы отбасынан шыққан Рустам мен Гуля алғаш рет 1998 жылы Лисаковтағы жетімдер үйінен 7 баланы асырап алған. Одан кейін жыл сайын қосылып, бала саны 48-ге жеткен. Олардың үшеуі өз туған балалары.

Бүгінде солардың алды студент атанып, оқып жатса, кенжесі небәрі 3 жаста. Бір үйден 32 бала мектепке барады.

Осыншама жетімді бауырына басқан Рустам мен Гуля Шукуровтардың бар арманы – балаларына дұрыс тәрбие беріп, өсіріп, жеткізу.

"Біз үшін олардың әкім не ғалым болуы шарт емес, ең бастысы, бұрыс жолға түспей, дұрыс адам болғаны маңызды", - дейді көпбалалы әке Рустам Шукруов. 

Рустамның айтуынша, жұбайы екеуі бала тәрбиесінде ертеден қалыптасқан дәстүрді ұстанады.

"Ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру. Қамыққанға қамқор, жабыққанға жанашыр болу. Бірінші кезекте осы құндылықтарды саналарына сіңіруге тырысамыз", - дейді ол.

Қазіргі таңда Рустам – жеке кәсіпкер. Сауда орталығы бар. Ал жұбайы Гуля үй шаруасында. Көпбалалы отбасы бұрын сатып алған 5 қабатты үйдің толық 2 қабатында бала-шағасымен тұрады.

"Жеке коттедж учаскемізде бар. Сиыр, қой, ешкі, тауық, үйрек ұстаймыз. Туған 2 балам соның басында. Басқалары да сол жаққа барғанды қызық көреді", - дейді Рустам Шукуров.

Телеарнаның дерегінше, 48 баланың сегізі – студент. Біреуі ақылы оқуда. Алдағы 2 жылда тағы 12 бала мектеп бітірмек.

"Бір үйден 32 бала мектепке барады": 48 баласы бар қостанайлық отбасы жайлы не білеміз

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.