Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайлық Ұлы Отан соғысы ардагерінің марапаты 8 мың еуроға сатылды

Опубликовано:

Петр Родионов Ұлы Отан соғысының ардагері
Петр Родионовқа арнап қойылған ескерткіш. Фото: kstnews.kz

Қостанай облысында тұрған КСРО батыры Петр Родионовқа сыйға тартылған медаль аукционда 8 мың еуроға (4 миллион теңгеге жуық) сатылды. Оны голландиялық Мэтт Янсен аукционға қойған, деп хабарлайды "Қостанайские новости" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Петр Родионов Татарстанда (Ресей) дүниеге келген. Ұлы Отан соғысынан кейін Қостанай облысында тұрып, 1978 жылы сол жерде қайтыс болды.

Ол ҰОС кезінде 254-минометтік полк батареясының аға барлаушысы болды. Орталық, Батыс, Ленинград және 2-Украина майданында шайқасқан.

КСРО Жоғарғы кеңесі президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы жарлығымен Петр Родионов ерлік пен қаһармандық танытқаны үшін "Ленин" орденімен және "Алтын жұлдыз" медалімен марапатталып, оған Кеңес Одағының батыры атағы берілген.

2022 жылдың қараша айында оның "Алтын Жұлдыз" медалі ағылшын тіліндегі фалеристика сайттарының бірінде №8825 нөмірмен сатылымға шығарылды.

Алтын жұлдызды сатылымға қойған Мэтт Янсен Голландияда тұрады. Оның медальға қалай қол жеткізгені белгісіз.

"Стан-Центр" (Калининград, Ресей) директоры Андрей Выползовтың айтуынша, олар Мэтт Янсенге хабарласқан.

"Жазған хатына қарағанда, бұл дүниетанымы кең, білімдар еуропалық азамат, ол үшін кеңес дәуірінің марапаттарын сату ісі өзі айтқандай "тек бизнес". Ол тіпті Родионовтың алтын жұлдызының сатылып кеткеніне өкініш білдірген. 8 мың еуроға кетті. Кімге сатылғанын айтпайды, коммерциялық құпия дейді", – деп түсіндірді Андрей Выползов.

Оның айтуынша, интернет-сайттарда шығарылатын жоғары марапаттарды жүйелі түрде сатып алып отыратын мемлекеттік-жекеменшік комиссия құрылуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019332-qostanailyq-uly-otan-sogysy-ardagerinin-marapaty-8-myn-euroga-satyldy/

pixel