Гүлмира Сатыбалдының қарамағындағыларға қатысты да сот үкімі шықты
Жарияланған күні:
Бүгін Астанада Гүлмира Сатыбалдымен бірге оның қарамағындағылар яғни, Мәди Батыршаев пе Рашид Өтебековке де сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сот үкімімен Мәди Батыршаев Қылмыстық кодекстің 389-бабы 3-бөлігі, 28-бабы 3-бөлігі, 125-бабы 2-бөлігі 1 және 8-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Рашид Өтебеков Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, бүгін елора сотында "өзінше билік ету" және "адам ұрлау" баптары бойынша айыпталған Гүлмира Сатыбалдаға қатысты сот үкімі шықты.
Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019333-gulmira-satybaldynyn-qaramagyndagylarga-qatysty-da-sot-ukimi-syqty/