Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 85 жастағы әйел туған ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда 85 жастағы зейнеткер 50 жастағы ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, Ер адамның денесі пәтерлердің бірінен табылған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Облыстық полиция мәліметінше, 26 сәуір күні қаладағы пәтердің бірінен зорлық-зомбылық белгісі бар ер адамның мәйіті табылды. Оның жанында 85 жастағы анасы, яғни пәтердің иесі болған.

"Анасы мен ұлы облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019459-qaragandyda-85-zastagy-aiel-tugan-ulyn-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/