Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте Жер қатынастары басқармасының басшылығы пара алды деген күдікке ілінді (видео)

Опубликовано:

Кісенге оралған ақша
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкент қалалық жер қатынастары басқармасының басшылығы жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық департаментінің мәліметінше, антикор қаланың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшылығына қатысты бірқатар қылмыстық істі тергеуде.

"Басқарма басшысы қызметтік міндеттерін орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бөлім бастықтарынан 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.

Оның орынбасары мен бөлім бастығы алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында жер учаскесін мемлекеттік алып қою кезінде бюджет қаражатымен кедергісіз ақы төлегені үшін кәсіпкерден 5 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қалалық департаменттің басшысы Дәурен Ерғарин.

Сот күдікті адамдарға қатысты бұлтартпау шараларын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019521-symkentte-zer-qatynastary-basqarmasynyn-bassylygy-para-aldy-degen-kudikke-ilindi-video/

pixel