Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы 5 күнде ХҚКО-да кейбір мемлекеттік қызметтер уақытша көрсетілмейді

Опубликовано:

ХҚКО қызметкерлері
ХҚКО қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алдағы бес күнде кейбір мемлекеттік қызметтер халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді болмайды. Қазірдің өзінде өтініштерді қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Телеарна мәліметінше, қазір базадан Жылжымайтын мүлік деректерін Бірыңғай мемлекеттік кадастрға көшіру жүріп жатыр. Сондықтан жүйедегі кейбір қызметтер қолжетімсіз.

Жерге қатысты онлайн қызметтерді де күтуге тура келеді. Электронды үкімет порталы, нотариустар, салық қызметі, банктер мен сот орындаушылардың да онлайн қызметтері уақытша тоқтайды. Бұл жайында "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының өкілдері хабарлады.

"Қызметтердің қолжетімсіздігі 5 мамырдан 9 мамырға дейін ғана болады. Іс жүзінде қызметтер бір жұмыс күні ғана қолжетімсіз, қалған күндері мереке күндеріне сәйкес келеді. Бұл азаматтарға ыңғайлы болу үшін және жаңа ақпараттық жүйеге кедергісіз көшу үшін жасалып отыр.

Жылжымайтын мүлікті тіркеу, техникалық бақылау, міндетті тіркеуге жатпайтын кепіл, тағы басқа, сондай-ақ электронды форматта көрсетілетін қызметтер қолжетімсіз болады,"- деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жылжымайтын мүлік департаменті директорының орынбасары Нұргүл Кенжебаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019539-aldagy-5-kunde-xqko-da-keibir-memlekettik-qyzmetter-uaqytsa-korsetilmeidi/

pixel