Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше қорғалатын аумақтарда заңсыз мал жайған, шөп шапқандарға салынатын айыппұл көлемі ұлғайды

Опубликовано:

Жайылымдық жер
Жайылымдық жер. Көрнекі фото: Pexels.com

Ереше қорғалатын аумақтарда заңсыз шөп шапқан, мал жайған және қоқыс тастағандарға салынатын айыппұл мөлшері ұлғайтылды. Бұл туралы Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғамбаевтың айтуынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыру мақсатында Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

"Атап айтқанда, енді заңсыз шөп шабу мен мал жаю, орманды қалдықтармен ластау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу тәртібін бұзу бойынша айыппұл мөлшерлері ұлғайтылды.

Сондай-ақ Салық кодексіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіруі үшін ақыны автокөліктерден алу мүмкіндігін көздейтін тиісті өзгерістер енгізілді", – дейді Данияр Тұрғамбаев.

Оның сөзінше, Қазақстан БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен бірлесіп, туристік қызметтер саласындағы ұлттық стандарттарға бірқатар өзгеріс енгізіп жатыр. Ол табиғатқа қарсы адам қолымен жасалатын әрекеттерді азайтуға ықпал етпек.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдан бастап елімізде қорғалатын аумақтан тыс жерде дәрілік өсімдіктер, жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер тергендер үшін де салық салынатынын хабарлаған еді.

Кейін премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жаңа нормаға қатысты түсінік беріп, оның қарапайым халыққа қатысы жоқ екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019599-erekse-qorgalatyn-aumaqtarda-zansyz-mal-zaigan-sop-sapqandarga-salynatyn-aiyppul-kolemi-ulgaidy/

pixel