Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қанша ер азамат тұрады: статистикалық мәлімет жарияланды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда халық саны 19 млн 766 мың адамды құраса, оның 9 млн 674 мыңы - ер азамат. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, елімізде 0-14 жас аралығындағы ер балалар саны 3 млн болса, 15-62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 млн 876 мың, ал 63 жастан жоғары зейнеткерлер саны – 767 мың.

Жалпы өңірлерге келсек, ер азаматтардың басым көпшілігі Түркістан облысында тұрады – 1 млн 79 мың. Ал Ұлытау облысында статистика бойынша 108 мың ер адам тұрады.

Сонымен қатар ведомство дерегінше, ерлердің көпшілігі өнеркәсіп саласында қызмет етеді – 16,8 пайыз, көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу саласында – 14 пайыз, тағы – 14 пайызы ауыл, орман және балық шаруашылығында еңбек етеді.

Қазақстандағы ер адамдардың өмір сүру ұзақтығы – 70,2 жыл. Орташа жасы – 30,5 жас. Некеге тұрған ерлердің орташа жасы – 28 жас.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019659-qazaqstanda-qansa-er-azamat-turady-statistikalyq-malimet-zariyalandy/

pixel