jitsu gif

"75 мыңы мектептерде": еліміздегі білім беру ұйымдарында қанша ер-педагог жұмыс істейді

Мұғалім
Мұғалім. Көрнекі сурет: Рixabay.com

Оқу-ағарту министрлігі еліміздің білім беру ұйымдарында қанша ер-педагог жұмыс істейтіні жайлы статистиканы бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 91 496 ер-педагог жұмыс істейді.

Оның 13 488-і колледждерде, 75 362-і мектептерде, 2646-сы мектепке дейінгі ұйымдарда", - дейді Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері.

Айта кетелік, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы ер азамат саны қанша екенін жариялаған еді.

Статистика бюросының мәліметінше, елімізде халық саны 19 млн 766 мың адамды құраса, оның 9 млн 674 мыңы – ер азамат.

Ер азаматтардың басым көпшілігі Түркістан облысында (1 млн 79 мың), ең азы Ұлытау облысында (108 мың ер адам) тұрады.

Сонымен қатар ерлердің көпшілігі өнеркәсіп (16,8 пайыз), көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу (14 пайыз), сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығы (14 пайызы) саласында еңбек ететін болып шықты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.