jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жел, найзағай, шаңды дауыл: синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

желді күн
Желді күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 мамырда еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, 8 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, сол күні күндіз Петропавл қаласында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жететін жел тұрады.

8 мамырда Ақтөбе облысында да, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15 м/с болатын жел соғады.

8 мамырда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Сондай-ақ өңірде жел тұрып, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

8-9 мамырда таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, сонымен қатар күндіз Тараз қаласында күші 15-20 м/с-қа дейін жететін жел тұрады күтілуде.

8 мамырда Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

8 мамырда таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, желдің күші күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

8 мамырда күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, жел күтіледі. Күндіз облыстың тау асуларында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

8 мамырда Қызылорда қаласында және облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

8 мамырда Ақтау қаласында және Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз өңірдің оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл, жел күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында желдің күші 15-20 м/с-қа, Ақтау қаласында 18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

8 мамырда таңертең және күндіз Қостанай облысының да батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, жел тұрады деп күтілуде. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Синоптиктердің болжамынша, одан бөлек облыстың орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 8 мамырда Қостанай қаласында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жететін жел тұрауы мүмкін.

Жел, найзағай, шаңды дауыл: синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.