Павлодар облысының әкімі суретінің жалған жарнамада қолданылғанын айтып, дабыл қақты
Жарияланған күні:
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өзінің суреті жалған жарнамада қолданылғанын айтып, дабыл қақты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы өңір басшысы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Соңғы кезде Инстаграм әлеуметтік желісінде маған суретім бейнеленген заңгерлік кеңес беру туралы жарнаманың скриншоттарын жіберіп жатыр.
Әрине, менің аты-жөнім Жақсылықов Ерасыл емес, мен ешқандай тегін заңгерлік кеңес бермеймін.
Сондықтан, мен өзімнің заңгерлеріме осы жарнама туралы анықтауды тапсырдым.
Инстаграмда осындай жарнама кезіктірген жазылушыларыма ол жарияланымға шағым жасауын сұраймын. Сіздерге осындай көмек үшін алғыс айтамын", - деді Асайын Байханов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019778-pavlodar-oblysynyn-akimi-suretinin-zalgan-zarnamada-qoldanylganyn-aityp-dabyl-qaqty/