Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қалалық ТЖД қызметкері таудағы өртті сөндіру кезінде қаза тапты

Опубликовано:

Құрманбеков Арслан
Құрманбеков Арслан. Фото: instagram.com/almaty_tjd

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері өрт сөндіру кезінде қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін түнде қызметтік борышын атқару кезінде, тау баурайында өртті сөндіру барысында 1994 жылы туған Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы қаза тапты", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі Арслан Жолдасбекұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

"Арслан жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Жұмыста ол еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін бағаланды. ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019783-almaty-qalalyq-tzd-qyzmetkeri-ort-sondiru-kezinde-qaza-tapty/