Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдегі өрт салдарынан Қостанай облысын қою түтін басып қалды

Опубликовано:

Қостанай облысын түтін басып қалды
Қостанай облысын түтін басып қалды. Фото: instagram.com/qostanai_tjd

Қостанай облысында қою түтін мен өрттің иісі байқалды. Бұның неге байланысты екенін облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Instagram-дағы желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

"Ресей Федерациясының аумағындағы (Қорған және Түмен облыстары) табиғи өрт салдарынан Қостанай облысының аумағында және облыс орталығында түтін пайда болды", - деп хабарлады Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Еске салайық, сәуір айының соңы мен мамырдың басында Ресейдің бірнеше аймағында ірі табиғи өрт орын алған болатын. Табиғи өрттен ең көп зардап шеккен Свердловск, Түмен және Қорған облыстары. Онда жүздеген үй өртеніп, адамдар арасында зардап шеккендер де болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019829-reseidegi-ort-saldarynan-qostanai-oblysyn-qoyu-tutin-basyp-qaldy/

pixel