Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадан ұшып шыққан FlyArystan ұшағы Атырауға шұғыл қонған

Опубликовано:

Ұшақ
Ұшақ. Фото: instagram.com/flyarystan/

Кеше түнде Астанадан ұшып шыққан FlyArystan ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырауға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды әуе компаниясының Telegram-дағы ресми арнасында.

"КС7375 Астана-Ақтау 08.05.2023 күні, сағат 23:30 рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау қаласына қонуға мәжбүр болғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Атыраудан ұшып шығу 9 мамыр таңертеңге ауыстырылған.

Сонымен қатар әуе компания өкілдері барлық көрсетілетін қолдау Заң және әуекомпания ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті.

"Әуекомпания рейстерді уақтылы орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр деп сендіруге асығамыз. Ұшу қауіпсіздігі біздің басты басымдығымыз екенін еске саламыз", - дейді әуе компаниясының өкілдері.

Бұдан бөлек Ақтау қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қалың тұманға байланысты көріну деңгейінің төмендігіне байланысты, дәлірек әуе кемесі үшін белгіленген нормадан жоғары болуы) өзге де рейстер бойынша өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019838-astanadan-usyp-syqqan-flyarystan-usagy-atyrauga-sugyl-qongan/

pixel