Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

33 градусқа дейін ыстық, қатты жаңбыр: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Гүлдеп тұрған бақбақ гүлі
Гүлдеп тұрған бақбақ гүлі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 10 мамырда ел аумағында және Қазақстанның ірі қалалары – Алматы, Астана Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" ресми сайтында хабарлады.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде циклон жырасы және онымен байланысты фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал солтүстік-батыста кей уақытта жаңбыр қатты жаууы мүмкін.

Еліміздің қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз солтүстік-батыста бұршақ жаууы ықтимал.

Сонымен қатар түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, күндіз Қостанай облысының орталығында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүруі мүмкін.

Бұдан бөлек, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде жоғарғы өрт қауіпі, Қызылорда  облысында және Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін ел ордасы – Астанада күн жауын-шашынсыз, ашық болады. Ауа температурасы күндіз +21...+23 градусқа дейін көтерілсе, түнде +11...+13 градусқа дейін төмендейді. Жел секундына 9-14 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Алматыда да сәрсенбіде жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Күндіз ауа температурасы +27...+29 градусқа дейін көтерілсе, түнде +14...+16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте де бүгін жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Күндіз +31...+33 градусқа дейін ыстық болса, түнде ауа температурасы +15...+17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019867-33-gradusqa-deiin-ystyq-bugin-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/