Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Алматы облысында уланып қайтыс болған төрт бала мен әке өлімінің алдын ала себебін айтты

Опубликовано:

сараптама
Сараптама. Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысы Көлащы ауылында жеке тұрғын үйде қайтыс болған бес адам - төрт бала мен әкесінің өліміне қатысты тың дерек шықты. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығынан уланған болуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Көлащы ауылында 5 адамның белгісіз заттан уланып қайтыс болғаны туралы дерек Қарасай аудандық полиция басқармасында тіркелген.

"Болған оқиғаның бар мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар ведомство тергеудің толықтығы үшін Алматы облысының ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы, Газ қызметі және СЭҚ шақырылғанын атап өтті.

"Түпкілікті шешім тағайындалған сараптамалық тексерулердің нәтижесі бойынша қабылданады. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған", - дейді облыстық ПД басқармасының ресми өкілі Ернар Сайделдин.

Еске сала кетейік, 4 мамырда Алматы облысы Елтай ауылдық округіне қарасты Көлащы ауылындағы жеке тұрғын үйде бір отбасының бес адамы - ер адам және оның төрт баласы (2010 жылы туған қызы және 2008, 2013, 2018 жылы туған ұлдары) көз жұмған еді.

Ал оқыс оқиғадан аман қалған аналары жансақтау бөліміне түскен. Бүгінгі таңда әйелдің жағдайы жақсарғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019919-policiya-almaty-oblysynda-ulanyp-qaitys-bolgan-tort-bala-men-ake-oliminin-aldyn-ala-sebebin-aitty/

pixel