Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл әділетсіздік болады": Жаңаөзен әкімі жұмыссыздардың ереуіліне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Айбек Қосуақов
Айбек Қосуақов. Фото: facebook.com/АйбекҚосуақов

Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов әкімдік маңындағы жұмыссыздардың ереуіліне қатысты пікір білдіріп, бәрін бірден мұнай-газ саласына жұмысқа орналастыру мүмкін еместігін баса айтты. Бұл туралы әкім Facebook-тегі парақшасында жазды.

Айбек Қосуақовтың сөзінше, бүгін бір топ жұмыссыз азамат Жаңаөзен қаласы әкімдігінің алдына наразылық акциясын ұйымдастырып, мұнай-газ саласына жұмысқа орналаспайынша, аштық жариялайтындарын мәлімдеген.

"Бұрындары айтқанымдай - барлығын бір уақытта мұнай-газ саласына жұмысқа орналастыру мүмкін емес. Мемлекет ұсынатын жұмысқа орналасудың барлық мүмкін нұсқаларын пайдалану қажет. Алайда өкінішке қарай, біздің кейбір азаматтарымыз мұны тыңдағысы да, мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланғысы да келмейді.

Біз қолданыстағы алгоритм бойынша жұмысқа орналасу кезегін күтіп отырған адамдарға қиянат жасай алмаймыз. Әкімдік алдына наразылық білдіруге шыққандарды кезексіз жұмысқа орналастыра алмаймыз. Бұл әділетсіздік болады", - деді әкім.

Әкім жұмысқа орналасудың басқа баламасын ұсынып, "Жұмыс істеймін" жобасы аясында жалақысы 140-тан 280 мың теңгеге дейін болатын бос жұмыс орындары тізбегіндегі жұмысқа тұра алатынын атап өтті.

Оның айтуынша, ұсынған жұмыстардың көпшілігі үшін жоғары білімнің болуы міндетті емес және де бұл мұнай-газ секторындағы кезегіңізді күтуге ешқандай кедергі келтірмейді.

"Меніңше, бұл ұсыныс - жұмыссыз жүргеннен жақсы, отбасыңызға қолдау болары анық", - деді ол.

Сонымен қатар Қосуақов Жаңаөзенде өз шешімін талап ететін бірқатар мәселе бар екенін, оның бірі - халықты жұмыспен қамтамасыз ету екенін де тілге тиек етті.

"Бірақ көбінесе әріптестерімізбен бірге бар уақытымызды қаламыздың өзекті мәселелерін жүйелі шешуден гөрі митингілер мен ереуілдерге жұмсауымызға тура келеді.

Біздің есігіміз сіздерге әрдайым айқара ашық. Көптеген қоғам белсендісі әртүрлі мәселе бойынша түрлі комиссиямыздың жұмысына араласып, қатысып келеді. Сіздердің көмектеріңіз әрдайым қажет және біз сіздермен бірге одан да жақсы істерді атқара аламыз. Ортақ күш-жігерімізді халық мүддесіне жұмсай отырып, қаламыздың және оның азаматтарының өмірін жақсартатынымызға бек сенімдімін", - деп жазды Қосуақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020010-bul-adiletsizdik-bolady-zanaozen-akimi-zumyssyzdardyn-ereuiline-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel