jitsu gif

"60 жылдан бері бірге": әжейді ауруханадан күтіп алған атайдың видеосы желідегілерді сүйсінтті

Атай мен әжей
Атай мен әжей. Скриншот: instagram.com/sulu_kelin_kz

Әлеуметтік желіде ауруханадан шыққан әйелін асыға күтіп алған қарттың видеосы тарады. Видео авторы қарттардың 60 жылдан бері бірге екенін баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео sulu_kelin_kz Instagram парақшасында жарияланды.

Видео авторының айтуынша, әжей ауруханадан шыққан. Сонымен қатар автор атай мен әжейдің 60 жылдан бері бірге екенін және 11 баласы болғанын баяндады.

Видеодан көліктен түсіп, үйіне бет алған әжейді көруге болады. Ал қарт кісі әжейдің үйге жақындағанын балконнан көріп, алдынан шыққан.

Видеода автор "Апа, шалың қарап тұр әне. Әке, анамызды солай жақсы көресің бе", - деп күледі.

Желі қолданушылары атай мен әжейдің махаббатын көріп, көзіне жас алғанын жеткізді.

"Мен неге жылап отырмын", "Керемет", "Жүз жасасын", "Нағыз үлгі алатын адамдар", "Қарттарымыз аман болсын", - деп жазды желідегілер.

"60 жылдан бері бірге": әжейді ауруханадан күтіп алған атайдың видеосы желідегілерді сүйсінтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.