Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуiл егу жұмыстары жалғасуда

Опубликовано:

орман
Фото: Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

Арал теңізінің құрғаған табанына 2025 жылға дейін 1 миллион гектардан астам сексеуіл егу жоспарланып отыр. Осы мақсатта 2021 жылы АТҚТ-ының су қоры жерлерінен 500000 га жер алынып, Арал орман мекемесінің мемлекеттік орман қорына берілген еді.

Сәйкесінше, 2021 жылы Арал, Қазалы орман мекемелерімен жалпы аумағы 101,1 мың га жерге орман мелиорациялық екпелер жасалды. Ал 2022 жылдың наурыз айында сексеуіл көшетін отырғызу жұмыстары 12026 га жеріне жүргізіліп, 3,6 млн дана сексеуіл көшеті отырғызылса, қараша-желтоқсан айларында барлығы 96457 га жерге тұқым себілді. Бұған қоса, былтыр 2023 жылға ағаш отырғызу мақсатында 96200 га жерге топырақ дайындау жұмыстары орындалған болатын.

орман
Фото: Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

Биыл орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен жаңадан қосылған 500 000 га жердің 250,0 мың гектар жеріне орман мелиорациялық шараларды жүргізу жоспарлануда.

"Ол үшін көктем айында 53,0 мың га жерге жалпы саны 15 млн 900,0 мың дана сексеуіл көшеттері, орман мекемелерінің тұқымбағынан алынып, отырғызылды. Мұнан өзге, 4081 гектарға қажетті 1 млн 224 мың 300 дана сексеуіл көшеті Қазалы қаласында орналасқан «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК Оңтүстік-батыс филиалының тұқымбағынан алынып, отырғызылды. Ал қалған орман мелиорациялық жұмыстар, яғни галофиттік өсімдіктерді себу және көшетпен отырғызу күз айларында жүргізілетін болады", - деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Марат Нұрмағамбетов.

орман
Фото: Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

Сонымен қатар, былтыр материалдық-техникалық базамен жабдықтау мақсатында республикалық бюджеттен 1 дана УРАЛ-4320 бортты автомобиль, 1 дана УРАЛ-4320 автозаправщик, 1 дана вахталық автобус, 21 дана доңғалақты трактор, 20 дана СПС-1 маркалы сексеуіл тұқымын сепкіштер және 2 дана УАЗ автокөлігі алынды.

Ал жергілікті бюджеттен яғни Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан 6 дана доңғалақты трактор, 1 дана УРАЛ-4320 автоцистерна, 1 дана УРАЛ-4320 автозаправщик, 1 дана вахталық автобус, 2 өрт сөндіру автокөлігі, 2 дана УАЗ автокөлігі, 5 трактор тіркемесі, 9 палатка, 8 электростанция және "Thuraya" 9 байланыс құралы сатып алынған. Одан бөлек, ангарлардың құрылысы аяқталды.

Айта кетейік, 2022 жылы орман мекемелері орман тұқымбақтарының көлемі 150 гектарға ұлғайған.

орман
Фото: Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020113-aral-tenizinin-qurgagan-tabanyna-sekseuil-egu-zumystary-zalgasuda/

pixel