Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықтың пікірі бойынша Қазақстанда жемқорлық кең тараған аймақтар аталды

Опубликовано:

Конверттегі ақша
Конверттегі ақша. өрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Экономикалық зерттеулер институты (ERI) Қазақстанда жемқорлық ең көп белең алған аймақтарды атады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан мегаполистерінде басқа өңірлермен салыстырғанда жемқорлық деңгейі жоғары болып шыққан.

Сарапшылардың зерттеуінше, жемқорлық кең тараған аймақтардың ішінде Жамбыл облысы көш бастап тұр. Бұл облыста жемқорлық көрсеткіші 7,20 балға жеткен. Екінші орында Астана (жемқорлық көрсеткіші 7,12 балл), үшінші орында Қызылорда облысы (жемқорлық көрсеткіші 6,87 балл).

Сонымен қатар жемқорлық кең тараған өңірлердің ішінде Шымкент (жемқорлық көрсеткіші 6,84 балл) пен Алматы қаласы (жемқорлық көрсеткіші 6,67 балл) да бар.

Сыбайлас жемқорлық ең төмен өңірлер:

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 10 балдан 3,99 балл;
  • Ақмола облысы – 4,29 балл;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5,06 балл.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты зерттеу аясында сауалға қатысушылар қажетті қызметтерді алу үшін адамдарға "жиі" және "үнемі" пара, сыйлық беруге немесе басқа да қызмет көрсетуге тура келетінін айтқан. Астанада сауалға қатысушылардың – 35,5 пайызы, Алматыда – 41,5 пайызы, Шымкентте – 48,2 пайызы осылай жауап берген.

Сауалға қатысушылардың жауабына сәйкес, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық бойынша да Жамбыл облысы (100 баллдан 59,6 балл) мен Қызылорда облысы (100 баллдан 59,6 балл) көшбасында тұр.

"Зерттеу барысында халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі, сыбайлас жемқорлық және халықтың үкімет әрекеттеріне ықпал ету мүмкіндіктері арасындағы өзара байланысы анықталды", деп атап өтті Экономикалық зерттеулер институты.

Осылайша:

  • жемқорлық деңгейі жоғары болса, халықтың полицияға, әкімдікке, сотқа деген сенімі төмендейтіні;
  • тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейі жоғары болса, саяси партияларға, мәслихаттарға, сайлауларға, соттарға деген сенім төмендейтіні;
  • халық биліктің әрекеттеріне ықпал ету мүмкіндігі жоғарылаған сайын, халықтың сайлауға, мәслихаттарға, парламентке, әкімдікке және үкіметке деген сенімі жоғары болатыны анықталған.

"Осылайша, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі жоғары болғандықтан, Қазақстандағы мегаполис тұрғындарының мемлекеттік органдарға деген сенімі төмен деңгейде, соның салдарынан халықтың сайлауға және саяси шешімдерді қабылдауға қатысуға ынтасы аз", – дейді сарапшылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020115-xalyqtyn-pikiri-boiynsa-qazaqstanda-zemqorlyq-ken-taragan-aimaqtar-ataldy/

pixel