Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Оразалиев БҚО полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды

Опубликовано:

Арман Оразалиев
Арман Оразалиев. Фото: Арман Оразалиевтің Facebook-тағы жеке мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы ауысты. Бұл қызметке Арман Оразалиев келді. Ақпаратты департаменттің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйырығымен Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы болып полиция полковнигі Арман Оразалиев тағайындалды", - деп хабардар етті БҚО полиция департаментінен.

Жаңа басшыны БҚО активіне және жеке құрамға Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев таныстырған.

Айта кетейік, Арман Оразалиев 1975 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бері қызмет етеді. Қызметтік мансабында түрлі басшылық қызметтерді атқарған. Оның ішінде Жамбыл және Павлодар облысының полиция департаменттерін басқарған.

Осы тағайындауға дейін ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары болған.

Ал БҚО поиция департаментін Арман Оразалиевқа дейін 2016 жылдың тамыз айынан бері Махсудхан Аблазимов басқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2020129-arman-orazaliev-bqo-policiya-departamentinin-bassysy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel