jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үндеу жасады

Құлақтандыру дабылы
Құлақтандыру дабылы. Көрнекі фото: Stephen Tjipto Hartono/Getty Images

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға 12 мамыр күні дабыл жүйесі қосылатынын ескертті. Бұл туралы ТЖД Instagram парақшасында хабарлады.

"Шымкентте жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар аясында 2023 жылғы 12 мамырда сағат 11.00-де құлақтандыру жүйесінің сиреналары іске қосылады", - делінген ресми хабарламада.

ТЖД-ның мәліметінше, сейсмикалық жаттығулар кезінде теледидар мен радио арналары арқылы "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру дабылы қосылып, таралады.

"Құрметті қала тұрғындары! Сиреналар естілген кезде үй-жайдан шығып, қауіпсіз ашық аймаққа өту керек.

Білім беру, денсаулық сақтау нысандарында, адамдар көп жиналатын объектілерде адамдарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау жұмыстарын пысықтайтын сейсмикалық жаттығулар өтеді", - дейді құтқарушылар.

Төтенше жағдайлар департаменті сейсмикалық жаттығуларға түсіністікпен қарап, үрейленбеуге шақырды.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.