Маңғыстау облысында әткеншек тепкен баланы құтқару үшін арнайы мамандар шақыруға тура келген
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысында әткеншек тепкен 6 жасар бала екі темірдің арасында кетпеліп қалып, оны алып шығу үшін құтқарушыларды шақыруға тура келген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Агенттіктің облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап жазуынша, оқиға 1 мамыр күні болған.
Сол күні кешкі сағат 19:30 шамасында Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылдық округінен шұғыл ақпарат келіп түскен.
Белгілі болғандай Мерей көшесіндегі үйдің жанындағы ойын алаңында ойнап жүрген кішкентай бала әткеншектен шыға алмай, кептеліп қалған.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына жеткен. Сол жерде гидравликалық қайшының көмегімен әткеншекті кесіп, баланы аман-есен ата-анасына тапсырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020160-mangystau-oblysynda-atkensek-tepken-balany-qutqaru-usin-arnaiy-mamandar-saqyruga-tura-kelgen/