Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жеке тұрғын үйден өрт шығып, бір бала қаза тапты

Опубликовано:

Көрнекі
Өрт сөндіру қызметкерлері. Көрнекі фото: pexels.com

Павлодар облысында жеке тұрғын үйден өрт шығып, 2012 жылы туған бала қайтыс болды. Бұл жайлы өңірлік төтенше жағдайлар департаменті Instagram арнасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 мамыр күні сағат 02:03-те 101 пультіне Галицкое ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Өрт сөндірушілер келген кезде кірпіштен қаланған 5 бөлмелі жеке тұрғын үй шатырының ағаш конструкциялары жанып, ішінара опырылып, тұрмыстық заттар, жиһаздар жанып жатқаны анықталды", - деп хабарлады ведомстводан.

Өрттің жалпы аумағы 250 шаршы метрді құраған.

Департамент мәліметінше, үйден 4 адам өз еркімен эвакуацияланды. 1986 жылы туған үй иесі Павлодар қаласының N1 қалалық ауруханасына жатқызылды. Өрт 03:52-де оқшауланып, 04:40-та толығымен сөндірілді.

Сонымен бірге, сағат 05:05-те үй құрылыстарын бөлшектеу және құю жұмыстары кезінде дәлізден 2012 жылы туған баланың тіршілік белгісі жоқ денесі табылғаны хабарланды.

Қазір оқиғаның себебі мен шығыны анықталуда.

Өртті сөндіруге Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің 3 бірлігі мен 7 қызметкері, сондай-ақ "101" және "103" қызметтері жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020170-pavlodar-oblysynda-zeke-turgyn-uiden-ort-sygyp-bir-bala-qaza-tapty/

pixel