Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жүк пойызының 18 вагоны жолдан шығып кетті (фото)

Опубликовано:

Шымкентте жүк көлігі аударылды
Шымкентте жүк көлігі аударылды. Фото: Шымкент төтенше жағдайлар департаменті

Бүгін Шымкенттің Абай ауданындағы Игілік учаскесінде 18 вагон рельстен шығып кетті. Жүк пойызының вагондары бір бүйіріне аударылып қалды, деп хабарлайды мегаполистің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне 11 мамырда сағат 16:37-де ҚТЖ кезекші қызметінен хабарлама түскен.

"Абай ауданындағы "Игілік" участкесінде Игілік-Бадам темір жолының 3 266 шақырым учаскесінде 18 вагон, оның ішінде 17 бос вагон бір бүйіріне аударылып кеткені хабарланды.

Шымкентте жүк көлігі аударылды
Шымкентте жүк көлігі аударылды. Фото: Шымкент Төтенше жағдайлар департаменті

Вагондар "Шымкент-Арыс" бағытындағы №2489 жүк пойызының құрамында (жалпы саны 57 вагон) болды. Салдарынан әуе электр желілерінің 11 тірегі зақымдалған. Темір жол төсемі ішінара зақымданған.  Аталған бекетте вагондардың істен шығуына байланысты "Алматы-Маңғыстау" бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді. Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысына әсері жоқ", - деп хабарлады мегаполистің төтенше жағдайлар департаменті.

Шымкентте жүк көлігі аударылды
Шымкентте жүк көлігі аударылды. Фото: Шымкент төтенше жағдайлар департаменті

Ведомства мәліметінше, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына "ҚТЖ ҰК" АҚ 55 адамы мен 1 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020172-symkentte-zuk-poiyzy-audaryldy-foto/

pixel