Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жедел жәрдемге он рет қоңырау шалдық": куәгерлер Ақтауда болған төтенше жағдай туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Кіреберіс маңдайшасы құлаған көпқабатты тұрғын үй
Кіреберіс маңдайшасы құлаған көпқабатты тұрғын үй. Оқиға орнынан фото: Михаила Одинцова/lada.kz

Ақтаудағы кеше, 11 мамырда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі маңдайша опырылып, бір адам қаза тапқан еді. Осы жайтқа байланысты куәгерлер өз көргендерін айтты. Олардың сөзінше, марқұм жедел жәрдем келген соң көз жұмған, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

"Жедел жәрдемге он рет қоңырау шалдық. Хабарласа алмадық, міне куәгерлер. Біз: "Тездетіңіздер!" деп айқайладық. Бойжеткен мына жерде тұрып: "Өтініш, тездетіңіздер! Шұғыл емес пе!" деп айқайлады.

Жедел жәрдем көлігімен келгендер – жастар. Олардың бірі – қолыңда чемоданы бар практикант қыз және бір жігіт. Олар тамыр соғысын тексерді (марқұмның – ред. ескертпе.). (...). Оның тамыры соғып тұрды", – дейді куәгерлердің бірі.

Куәгерлердің айтуынша, жұмысшы жедел жәрдем келгеннен кейін қайтыс болған. Алайда медицина қызметкерлерінің атап өтуінше, марқұм тым ауыр жарақат алған және оны құтқарып қалу мүмкін болмаған. Қазір тергеушілер барлық мән-жайды анықтауда.

Тұрғындардың сөзінше, бұл үйдің тұрғанына 50 жылдан асқан, ал күрделі жөндеу жұмыстары жасалмаған. 11 мамыр күні таңертең пәтер иелері кооперативінің қызметкерлері кіреберіс маңдайшаны жөндеуге келген екен. Олар перфоратормен бұрғылай бастағанда бетон маңдайша опырылып құлаған.

Бір жұмысшы шетке ұшып кеткен. Тағы екеуі үйіндінің астында қалған. 53 жастағы ер адамды құтқару мүмкін болмаған, ал оның әріптесіне шұғыл ота жасалған.

"Ауруханаға екі науқас жеткізілді. Бірінші науқас 1975 жылғы. Ол травмпунктке келді. Сол жерден травматолог қарап, амбулоторлық емге жіберілді. Жағдайы қалыпты. Екінші науқас жедел жәрдеммен біздің қызыл аймаққа келді. Травматолог, нейрохирург қарап, тексерістен кейін травматология бөліміне жатқызды. Балтыр сүйегі сынған екен. Оған ота жасалды", - дейді Маңғыстау облысы көпбейінді аурухананың бөлім меңгерушісі Қайрат Нұрәлиев.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске сала кетейік, 11 мамырда Ақтаудағы 9-шы шағын аудандағы көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, бір адам қаза тапқан болатын.

Кейін зардап шеккендер кіреберістегі жабындыны жөндеп жатқан жұмысшылар екені белгілі болды.

"Олар жабындыны жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан. Опырылған кезде үшеуі де оның үстінде тұрды. Жабынды опырылған кезде ер адамдардың бірі қирандының астында қалды, біз оны бетон қирандыларының астынан өзіміз алып шығуға тырыстық", - дейді жергілікті тұрғын.

Полицияның мәлметінше, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 277-бабы ("Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу") бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020194-zedel-zardemge-on-ret-qonyrau-saldyq-kuagerler-aqtauda-bolgan-totense-zagdai-turaly-aitty-video/

pixel