jitsu gif

Жаңбыр, найзағай, 32 градус ыстық: еліміздің ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады

Найзағай
Найағай. Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін, 13 мамырда Қазақстанның үш ірі қаласында да жауын-шашын түседі деп күтіледі. Сондай-ақ Алматы мен Шымкентте найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +24...+26 градус, түнде +15...+17 градус жылы болады. Осы ретте, желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетсе, екпіні 13 метрге дейін жетуі мүмкін екені ескертілді.

Астанада жаңбыр жаууы мүмкін. Дегенмен, күн ашылады деп болжануда. Сынап бағанасы +20...+22 градусты көрсетсе, түнде +6...+8 градусқа дейін салқындайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Шымкентте бүгін найзағай ойнауы мүмкін. Алайда күндіз мегаполисте күн +30...+32 градусқа дейін ысиды. Түнде сынап бағанасы +17...+19 градусқа төмендейді. Қалада желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтілуде.

Жаңбыр, найзағай, 32 градус ыстық: еліміздің ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.