Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Найзағай, аптап ыстық": Жексенбі күні еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болмақ

Опубликовано:

Гүлдер
Көрнекі фото: pexels.com

Жексенбі, 14 мамырда Астанада жел күшейеді. Ал Алматыда найзағай ойнаса, Шымкентте күн аптап ыстық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ауа райы болжамына сәйкес, бүгін Алматыда күн күркіреп, күндіз термометрлер плюс 26-28, түнде плюс 16-18 градусты көрсетеді. Мегаполисте желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды. Ал найзағай кезінде жел екпіні 13 м/с жетуі мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астанада жауын-шашын болмайды. Бірақ елордада ауа райы күндіз плюс 13-15 градусқа дейін, түнде плюс 2-4 градусқа дейін суытады деп күтілуде. Сонымен қатар, синоптиктер астаналықтарға жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейетінін ескертеді.

Шымкентте бүгін аптап ыстық күтіледі. Қалада ауа температурасы күндіз плюс 31-33 градусқа дейін, түнде плюс 18-20 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020425-naizagai-aptap-ystyq-zeksenbi-kuni-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolmaq/

pixel