Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жүкті әйел көлік ішінде босанып қалды (видео)

Опубликовано:

Көрнекі
Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысының тұрғыны жедел жәрдем келгенше көлікте сәбиін босанып қалды. Бұл жайлы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, Талғар ауданының тұрғыны Алматыда жеке жұмыстарымен жүргенде толғағы басталып кеткен.

"Сағат 12:45-те жедел жәрдем диспетчерлік қызметіне көлікте босану туралы қоңырау түсті. Жедел жәрдем бригадасы 12:57-де келгенге дейін азаматша көлікте босанып үлгерген", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы әйел мен жаңа туған нәрестеге барлық қажетті медициналық көмек көрсеткені атап өтілді.

"Босанған әйел жаңа туған нәрестесімен №1 қалалық перзентханаға жеткізілді. Онда барлық қажетті медициналық тексерулер жасалды. Қазіргі уақытта босанушының жағдайы қанағаттанарлық. Салмағы 3 келіден сәл ғана асатын нәресте аурухананың балалар бөлімшесінде өкпенің инвазивті емес вентиляциясы үшін ем алуда. Нәрестенің жағдайына төнген қауіп жоқ", - деп қосты денсаулық сақтау департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020442-almatyda-zukti-aiel-kolik-isinde-bosanyp-qaldy-video/

pixel