Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Coca-Cola компаниясы қар барысының муралы үшін алматылықтардан кешірім сұрады

Опубликовано:

Қар барысының муралы
Қар барысының муралы. Фото: instagram.com/yer_yess

Coca-Cola компаниясы қар барысының муралын өшірген әрекеті үшін алматылықтардан кешірім сұрады, деп жазады компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Біз қар барысы муралына қатысты жағдайдың орын алғанына шын жүректен өкінеміз. Coca-Cola бренді адамдардың көңілін түсіруді емес, көтеруді ойлайды. Бірақ біздің компаниямыз да адамдардан құралған. Ал кейде адамдар қателікке бой алдырады. Бұл жолы біз де қателестік", - делінді компания баспасөзінде.

Компания айтуынша, муралды теріс ниетте ауыстырмаған.

"Өкінішке орай, біз мурал ауыстыруда асығыстық жібердік. Қоғамның пікірін сұрамастан, тек сол үйдің тұрғындарының келісімен сүйендік. Қар барысының муралын салған суретшіден де кешірім сұраймыз.

Муралдар - қала келбетінің, көше өнерінің және жастар мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Coca-Cola бренді де бұрыннан осы мәдениетпен байланысты және біз Астана, Шымкент және Алматыдағы жарнамалық науқанымыздың бір бөлігі ретінде қабырға суреттерін пайдалануды шештік. Бұл жобада біз жергілікті үш суретшімен бірлесіп жұмыс істеді.

Алматы қаласындағы қабырға суреті соңынан салынды. Алғашында бұл сурет үшін өзге тұрғын үй таңдалған болатын. Алайда тұрғындардың жеткілікті дауыс саны жиналмағандықтан, қар барысы муралы салынған үйдің қабырғасы ұсынылды. Біз орны толмас өкініш арқылы, қар барысы муралының алматылықтарға қаншалықты қымбат екенін түсіндік. Біздің муралды өшіріп, қабырғаға қар барысының суретін қайта орналастырамыз", - деді компания баспасөзі.

Сонымен қатар, компания кешірім ретінде қалада қайта өңделген пластиктен жасалған қосымша орындықтар мен үстел теннисі үстелдерін орнатпақ.

"Біз өз қаламызды жақсы көреміз және алматылықтардан тағы да кешірім сұраймыз! Бей-жай қарамай, азаматтық позициясын ашық білдіргендердің барлығына алғыс айтамыз", - деп түйіндеді компания.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020456-coca-cola-kompaniyasy-qar-barysynyn-muraly-usin-almatylyqtardan-kesirim-surady/

pixel