Дауыл, найзағай және аяз: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Опубликовано:

Cиноптиктер желдің күшеюіне, найзағай ойнап, аяз болуына байланысты еліміздің 12 облысында дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
- Синоптиктердің болжамынша, ертең, 15 мамырда Алматы облысында күн күркіреп, найзағай кезінде жел екпіні 25 м/с дейін жетеді.
- Алматыда тағы да найзағай күтіледі.
- Ақмола облысында 3 градусқа дейін аяз күтілуде.
- Астанада да 2 градусқа дейін аяз күтіледі.
- Батыс Қазақстан облысында синоптиктер найзағай ойнайтынын ескертті.
- Ал Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысының тұрғындары тұман, екпіні 15-20 м/с жел соғады деп болжайды. Сондай-ақ түнде 2 градусқа дейін аяз болады. Бұл ретте Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
- Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында ертең 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 1 градусқа дейін аяз болады.
- Түркістан облысында күн күркіреп, шаңды дауыл соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
- Шымкент тұрғындары да 15-20 м/с болатын екпінді желге дайындалуы керек.
- Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, сонымен қатар төтенше өрт қаупі бар.
- Маңғыстау облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
- Синоптиктер болжауынша, Жетісу облысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алакөл маңында желдің жылдамдығы 23-28 м/с дейін жетеді.
- Павлодар облысында тұман түсіп, 3 градусқа дейін аяз болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020492-dauyl-naizagai-zane-ayaz-qazaqstannyn-birqatar-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/