Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"16 жасқа дейін білмедім": Оразкүл Асанғазы екі есімі мен екі туған күні бар екенін айтты

Опубликовано:

Оразгүл Асанғазы
"Алғашқы" бағдарламасында Оразгүл Асанғазы. Видеодан кадр: khabar.kz

Қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз, тіл жанашыры Оразгүл Асанғазыны барлығы 16 жасқа дейін "Роза" деп атаған. Қоғам қайраткері өзі туралы көпшілік білмейтін тың деректерді "Хабар" арнасындағы "Алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Телебағдарламада Оразгүл Асанғазы өзінің алғашқы есімі "Роза" болғанын, бұл есім Роза Бағланованың құрметіне қойылғанын айтып берді. Ол өзінің құжаттағы аты "Оразгүл" екенін 16 жасқа келгенде бір-ақ білгенін де айтты.

"Мен дүниеге келгенде Роза Бағланова атағын алып, біздің ауылға концерт беруге келген. Ол кезде атақты әртістің бәрі ауыл аралап, концерт беріп жүретін. Біз талай концерт көргенбіз, тезек жағып қойып... Сол Роза Бағланова келіп, концерт берген кезде туған екенмін. Содан атымды Роза қойған. Мен 10 ақпанда дүниеге келгем. Әкем селсоветке барғанда, хал актілерді тіркеу бөліміне айтқан кезде, "Қызымның аты - Роза" десе, "ой, қызың Рамазан айында туған, Оразгүл дейік" дегесін, әкем мақұлдаған. Туған күнімді де 22 ақпан етіп жазған. Сонда менде екі туған күн, екі есім бар", - дейді Оразгүл Асанғазы.

Оның сөзінше, ол кезде еш жерде құжат сұрамаған. Мектепте оқыған кезде де елдің бәрі "Роза" деген екен.

"Содан әкем құжатты әкелген. Анам: "аты Роза еді ғой, не болып кеткен" дейді. "Сандыққа сал да, Роза дей бер" деген әкем. Ешкім іздеген жоқ. 7 жасымда мектепке барғанда, мектептегі аты-жөнім - Роза Асанғазина болды", - дейді ол.

Оразгүл Асанғазы Сарыағашқа мұғалім болған кезден бастап, Оразгүл есімін қабылдағанын атап өтті. Оған дейін институтта да алғашқы есімімен жүргенін күліп еске алды.

"16 жасқа келіп, құжат алғанға дейін мен "Оразгүл" деген атым барын білген жоқпын. Сандықтан алып берді, "мынау не?" десем, жаңағы жағдайды 16 жасқа келгенде айтты. 16 жасқа дейін ол атты білген жоқпын", - дейді Оразгүл Асанғазы бағдарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020536-16-zasqa-deiin-bilmedim-orazkul-asangazy-eki-esimi-men-eki-tugan-kuni-bar-ekenin-aitty/

pixel