Алдағы күндері елімізде жаңбыр жауып, үсік жүруі мүмкін
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16-18 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі және бұршақ жауады.
16-17 мамырда оңтүстік-батыста, 16-18 мамырда солтүстік-батыста және оңтүстікте, 17-18 мамырда орталықта, 18 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжануда. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде.
Синоптиктердің ақпаратынша, республика бойынша температуралық фонның төмендеуі болжанады. Түнгі уақыттарда еліміздің солтүстік жартысында 3 градусқа дейін үсік болады.
Күндізгі уақыттарда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы 13-18 градусқа дейін, еліміздің қалған бөлігінде 15-23 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020553-aldagy-kunderi-elimizde-zanbyr-zauyp-usik-zurui-mumkin/