Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК-нің 11 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылуда

Опубликовано:

Қаңтар оқиғасы кезіндегі Алматы
Қаңтар оқиғасы кезіндегі Алматы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев мәжілістің жалпы отырысында қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК-да не өзгергенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәселені мәжіліс депутаты Марат Бәшімов көтерді. Ол Марат Қалқабаевтан ұлттық қауіпсіздік органдарының беделін түсірген қызметкерлерді "тазарту" жұмыстары жүргізілді ме және алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермес үшін департамент тарапынан қандай шаралар қабылданып жатқаны жайлы сұрады.

"Сұрақ өте маңызды және қызықты, себебі бүгінде ҰҚК-да 11 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Кейбір істер бойынша тергеу аяқталды, қылмыстық жауапкершілікке (ҰҚК қызметкерлері - ред.) тартылды. Бұл қылмыстық қудалауға байланысты", - деп жауап берді Марат Қалқабаев.

Сонымен қатар ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаңтар оқиғасынан кейін бірден кешенді қызметтік тексеріс жүргізіп, бұйрық талаптары мен қызметті атқару тәртібіне елеулі өзгерістер енгізгенін атап өтті.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына әр қызметкердің бойында патриотизм мен белгілі бір іс-әрекеттер алгоритмін тәрбиелеуге бағытталған тиісті түзетулер енгізілмек.

Біздің қызметіміз ауқымды, бүгінде әскери қызметшілер де, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері де, жай қызметкерлер де бар. Әркім белгілі бір алгоритм бойынша жұмыс істейді, ол міндетті түрде заңға сай болуы керек", - дейді ҰҚК төрағасының орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020566-qantardagy-tartipsizdik-uqk-nin-11-qyzmetkeri-qylmystyq-zauapkersilikke-tartyluda/

pixel