Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде

Опубликовано:

Қызылордада кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде
Фото: Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы

Биыл Қызылорда облысында кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға мемлекеттік қолдау тетіктері енгізілуде. Мәселен, 2,5 пайызбен жастарға берілетін несие, «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асуда. Ал қаржылай емес қолдау тетігіне биыл басталған «Мен кәсіпкер» жобасын айтуға болады. Жоба аясында осы жылы 600-ге жуық азаматқа қызмет көрсетіледі.

«Мен кәсіпкер» – жобасы бірнеше саланы қамтиды. Негізгі екі бағыты бар. Олар әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы, кәсіпке бағыт. «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағытына тек қана қыз-келіншектер ғана қатыса алады. Ал «Кәсіпке бағытқа» ер азаматтар да, әйелдер де қатыса алады.

Негізгі талабы – кәсіпкер болуы керек, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлерге басымдық беріледі.«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері кеңес беріп, олардың қажеттіліктерін анықтайды. Одан кейін сұранысын анықтап, соған сәйкес қыз-келіншектерді оқытады. Бұл бағытқа тек қана қыз-келіншектер ғана қатысады. Бұған қоса, қатысушылар өтінім беріп, оқитын бағыттарын анықтап алады. Ары қарай оқытатын салалық сарапшылар пулын қалыптастырады. Олар жобаға қатысушы кәсіпкерлердің біліктілігін арттырып, олардың кәсіптерін алты ай сүйемелдейді.

Сондай-ақ «бір ауыл- бір өнім» жобасы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында іске асады.

Қызылордада кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде
Фото: Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы

«Бұл қыз- келіншектерге арналған жоба. Оның шартының бірі- шикізат жергілікті өнім болуы керек. Негізі бұл жоба пилоттық тұрғыда төрт облыста жүзеге асқан. Атап айтқанда, былтыр Батыс Қазақстанда, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстарында іске асты. Сол себепті, идеясы бар немесе жобасы дайын, қалай жүзеге асыруға болады деген қыз-келіншектерге қолдау көрсетеміз», - деді облыстқы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Мишукова.

Сонымен қатар Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жобасы аясында шағын және орта бизнес өкілдеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға қаржылай емес қолдау көрсетеді.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Біз биыл жыл ішінде жобамен 5500-ден астам кеңес береміз деп жоспарлағанбыз. Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері төрт айдың өзінде мыңнан астам облыс тұрғындарына 3300 кеңес берді. Осыдан-ақ біздің қызметтерімізге сұраныстың жоғары екенін аңғаруға болады. Ең бастысы – барлық қызметтерімізді тегін көрсетеміз. Реті келгенде айтып өтейін, «Атамекен» кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсетуге арналған ұйым. Біз грант, несие бермейміз», - деді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Сыздықов Пірмұхаммед.

Палата кеңесшілері жыл басынан 352 кәсіпкерге 373 сервистік қызмет көрсеткен. Бұған қоса, жалпы құны 1,2 млрд теңгенің 157 жобасына бизнес жоспар әзірлеп берген. Оның бүгінде 290 млн теңгені құрайтын 37 жобасы қаржы алып, кәсібін бастаған.

Мереке Жалғас

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020827-qyzylorda-oblysynda-kasipkerlerge-qoldau-korsetilude/

pixel