Алматыда мемлекеттік балабақшаларға қабылдау басталады
Жарияланған күні:
Алматыда мемлекеттік балабақшаларға қабылдау басталды. Қабылдау 16 мамырдан маусымның ортасына дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.
Әкімдіктің хабарлауынша, мемлекеттік балабақшаларға қабылдау үшін өтінішті balabaqsha.bilimalmaty.kz сайты арқылы беруге болады.
Бұл ретте, әкімдік бірінше кезекте әскери қызметкерлердің, арнаулы ұйымдарда жұмыс істейтін ата-аналардың балаларына, сонымен қатар мүгедектігі бар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға, көпбалалы отбасылардан шыққан және басқа да санатта тұрған балаларға басымдылық берілетінін атап өтті.
Содан кейін ғана кезекте тұрған қалған балалар үшін орындар қолжетімді болады.
Әкімдік мемлекеттік балабақшаларға қабылдау 2021, 2020, 2019, 2018 жылы туған балалар арасында жүргізілетінін де айта кетті.
"balabaqsha.bilimalmaty.kz сайтында топтарды жасақтау күндері, бос орындар туралы білуге және жолдама алу жөніндегі нұсқаулықты зерделеуге болады. Толық ақпарат алу үшін 1308, +7 (727) 338-33-88 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады", - қосты әкімдік өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020846-almatyda-memlekettik-balabaqsalarga-qabyldau-bastalady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.