jitsu gif branding logo appbranding logo app

ҰБТ-ға калькулятор алып кіруге бола ма: Ұлттық тестілеу орталығының директоры жиі қойылтын сұраққа жауап берді

емтихан тапсырып отырған оқушы
Емтихан тапсырып отырған оқушы. Көрнекі фото: pixabay.com

ҰБТ тапсырар кезде талапкерге өзімен бірге қандай заттарды алып кіруге рұқсат? Бұл сауалаға Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында жауап берді деп, хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Руслан Емелбаевтің айтуынша, әлі күнге дейін ҰБТ тапсырушылардан тестілеуге "өзіммен бірге калькуляторды алып келсем бола ма деген" сұрақтар жиі қойылады.

"Сондықтан бұл туралы ҰБТ алдында тағы бір мәрте естеріңізге сала кетсем. Тестілеуге жеке куәлік, қалам, су және шоколадтан басқа ешнәрсе алып келуге болмайды.

Сіздерге тестілеу компьютерінде математика, математикалық сауаттылық, физика, химия, информатика, география, биология пәндері бойынша электронды калькулятор ұсынылады.

Сондай-ақ компьютер экрандарында Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері, Бекетов қатары қолжетімді болады.

Ал түлектердің қалауы бойынша Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелерінің қағаз нұсқаларын өзіміз шығарып, қолдануға береміз", - дейді ол.

Руслан Емелбаев барлық жағдай ҰБТ-ны қолайлы тапсыру үшін жасалғанын, алайда академиялық адалдық туралы да ұмытпаған жөн екенін еске салды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.