Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Алматы облысында жүк пойызына тас лақтырған адамды анықтады

Опубликовано:

Ер адам пойызға тас лақтыруда
Ер адам пойызға тас лақтыруда. Видеодан кадр: @egovpress

Алматы облысында ер адам жүк пойызына тас лақтырған. Күдікті 34 жастағы тұрғын болып шықты, деп хабарлайды Қазақстан ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында.

Бұған дейін Шамалған стансасында жүк пойызының тас лақтырғаннан кейін шұғыл тежеу жасағанын хабарлаған болатынбыз. Оқиғадан кейін "ҚТЖ" ҰК" баспасөз қызметі тәртіп бұзушының жасөспірім екенін хабарлаған еді.

Алайда полиция күдіктінің Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны екенін анықтаған. Ведомствоның мәліметінше, ер адам белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өтіп, сондай-ақ жүк пойызына тас лақтырған. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

"13 мамыр күні Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасына жүк пойызының машинисі темір жолда адамның болуына байланысты шұғыл тежеу жасап, осылайша адамды қағып кетудің алдын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Пойыз 7 минут тоқтап тұрған", - делінген хабарламада.

Полицияның хабарлауынша, тәртіп бұзған ер адамға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 559-бабы 5-бөлігі және 434-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылған. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы облысы Қарасай аудандық сотына жолданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020875-policiya-almaty-oblysynda-zuk-poiyzyna-tas-laqtyryp-qasyp-ketken-adamdy-anyqtady/

pixel