Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астананың қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысына қатысты тергеу басталды

Жарияланған күні:

Әлия Қожабаева
Әлия Қожабаева. Фото: Facebook.com/Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы

Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаеваға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Тергеу амалдары жалғасуда. Антикорупциялық қызмет Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Әлия Қожабаева Еңбек жолын 2002 жылы бастаған.

2002-2003 жылдары Көкшетау қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының сот отырысының бас маманы-хатшысы болып жұмыс істеген.

2003-2008 жылдары Ақмола облыстық мәдениет басқармасының құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің бастығы болған.

2008 жылдан бастап Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша ауданаралық инспекциясында жұмыс істеген. Қызметте аумақтық бөлім бастығынан бастықтың орынбасарына дейін өскен.

2012-2013 жылдары Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы, 2013-2020 жылдары Астана қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, қоғамдық даму істері басқармасы және қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдың ақпан айында Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы болып тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020889-astana-qalasynyn-qorsagan-ortany-qorgau-zane-tabigatty-paidalanu-basqarmasynyn-bassysyna-qatysty-tergeu-bastaldy/