Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Арбатта болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Алматы қаласы Арбаттағы төбелес
Алматы қаласы Арбаттағы төбелестен үзінді кадр. Скриншот: Telegram/kris_p_alm

Желіде Алматыдағы жаппай төбелестің видеосы тарады. Видео Арбатта түсірілген. Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Алматыдағы Арбатта түсірілген. Бейнежазба Kris_p_almaty Telegram-арнасында 17 мамырда түнгі сағат 03:30-да жарияланғанын байқауға болады.

Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Жастар арасындағы төбелеске стационарлық модульдік пост құрамында қызмет еткен полицейлер араласқан.

Оқиғаға қатысушылар тергеу үшін Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Видеоға түсіп қалған азаматтар бірін-бірі танитын болып шықты және бір-біріне ешқандай талаптары жоқ екені анықталды", - деді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Назар аударыңыз! Видео жантүршігерлік кадрлар мен бейәдеп сөздер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020951-almatydagy-arbattagy-zappai-tobeles-videoga-tusip-qaldy/

pixel