Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысындағы шар тәріздес алқабтан алынған тастар орнына қойылды

Опубликовано:

Шарлар алқабы
Шарлар алқабын тиеп алған жүк көлігі. Фото: Маңғыстау облысының полиция департаменті

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шарлар алқабынан шығарылған бірнеше тас орынына қайтарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Тастар орындарына қайтарылды. Болашақта мұндай фактілер қайталанбауы үшін жүргізушімен де профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп хабарлады министрлік.

Еске сала кетейік, бұған дейін белгісіз біреулер Маңғыстау облысындағы "Шарлар алқабынан" ерекше тастарды әкетіп жатқаны видеоға түсіп қалып, желіде тарағаны туралы жазған болатынбыз.

Оқиға полицияның назарына іліккен. Жүргізушінің жеке басы анықталды, бірақ полицейлер оны жауапкершілікке тартқан жоқ, тек профилактикалық әңгіме жүргізді. Жүк көлігінің жүргізушісі тастарды орнына қайтаруға уәде берді.

Кейін шарлар алқабы орналасқан Торыш шатқалы ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кірмейтіні хабарланған болатын, бірақ резонанс туындағаннан кейін ол мемлекет қорғауына алынуы мүмкін екені белгілі болды.

Жақын арада бұл мәселе Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарауына ұсынылмақ. Мамандар арнайы жоспар құрып, оның аясында техникалық-экономикалық негіздеме әзірлейтін болады.

Шарлар алқабы туристер арасында өте танымал. Онда ретсіз түрде орналасқан әр түрлі көлемдегі дөңгелек тастар бар. Ғалымдар бұл пішін қалай қалыптасып, қайдан пайда болғаны туралы жылдар бойы басын сындыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020961-sarlar-alqabynan-alyngan-tastar-qaita-ornyna-qoiyldy/

pixel